Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 56 турнирі аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық Саят Абдуалидің (4-0) қатысуымен жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың жеңіл салмақтағы қарсыласы тәжірибелі қырғызстандық Байжан Элдияр уулу (6-7) болды.

Кездесудің үшінші минутында Абдуали қарсыласының бауырына ауыр соққы жасап нокаутпен жеңіске жетті

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink