Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 56 турнирінің басты кардттың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеш аясындағы кезекті жекпе-жекте тәжікстандық (Гангстер) Шерзод Ибодиллоев (6-2) пен Қазақстандық файтер Асқар Жақсылықов (6-1) кездесті.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink