Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 56 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясындағы кезекті жекпе-жекте Қырғызстандық Қалысбек Саидибрагим (3-3) мен Қазақстандық файтер Нұржігіт Баймен (6-0-1) кездесті. Жекпе-жек толық үш раундтқа созылып Баймен төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink