Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында OCTAGON 56 турнирінде алдын ала кардтың кезекті жекпе-жегі өтті.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Антонина Котялревская тәжірибелі өзбекстандық Угила Насимовамен кездесті.

Бірінші раундтың екінші минутында Котляревскаяның жойқын соққыларына қарсыласы төтеп бере алмаған соң төреші жекпе жекті тоқтатты.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаевқа (4-2) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын қорғайды.

OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігіOCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясыOCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink