Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында OCTAGON 56 турнирінде алдын ала кардтың кезекті жекпе-жегі өтті.
Сегізбұрышта жеңіліс дәмін татпаған файтерлер Заманбек Жүсіпбеков пен Бабур Маймаков кездесті.
Екінші раундта Маймаков қарсыласының әдісін тойтарып қана қоймай, өзі әдіс жасап жеңіске жетті.
Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаевқа (4-2) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын қорғайды.
OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Комментарии