Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирдің 1\8-финалында шаршы алаңда екі қазақ боксшысы кездесті, деп жазады Olympic.kz.

Бірі Қазақстан намсысын қорғаған Сәкен Бибосынов болса, екіншісі бүгінде Бахрейн құрамасының атынан шығып жүрген Азат Махметов. Екі боксшы бір-бірін жақсы біледі. Ішкі додаларда талай кездескен. Сондықтан, шаршы алаңда аңдысып көп жүрген жоқ, бірден қарқынды шабуылға кірісіп кетті.

Дегенмен қорғаныста қырағылық танытып, шабуылда ширақ қимылдаған Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп 4:1. Енді ертең Сәкен ширек финалда ұлыбританиялық Киран Макдональдпен Париж жолдамасын сарапқа салады.