Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында OCTAGON 56 турнирінде алдын ала кардтың үшінші жекпе-жегі өтті.

Жартылай жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген Шахзод Шухратхожаев (2-0) пен қазақстандық Абылай Мақсұт (2-0) кездесті.

Бірінші раундта қазақстандық файтер иығын жарақаттап алып, жекпе-жек өтпеді деп тіркелді.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаевқа (4-2) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын қорғайды.

OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink