Бусто-Арсициодағы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде қазақстандық боксшылар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті.

Отандасымыз Оңтүстік Корея елінің боксшысы Джу Хюнг Чонды 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Алуа Балқыбекова Олимпиада жолдамасына бір табан жақындай түсті.