Анталияда күрестен халықаралық турнир жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

97 келі салмақта қазақстандық Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 60 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келі салмақта Тамерлан Шадукаев қола жүлдегер атанды. Екеуі де грек-рим күресінің өкілдері.