«Астана Аренада» жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан Қазақстан құрамасы мен «Астана» матчтарын Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, «Астана Арена» стадионындағы жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жөндеуден өткізбей, толықтай бұзып, жаңа стадион салу жоспарлануда.

Осыған орай «Астана» футбол клубы маусымның матчтарын Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында өткізеді.