Наурыздың 10-ы күні Бусто Арсизиодағы (Италия) лицензиялық олимпиадалық турнирде Қазақстанның бес боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жекпе-жектің толық кестесін төменде көруге болады.

Әйелдер. 50 кг. 1/8 финал17:00 Алуа Балкибекова (Қазақстан) - Джо Хён Джун (Оңтүстік Корея)

Ерлер. 51 кг. 1/8 финал18:45 Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Азат Махметов (Бахрейн)

Ерлер. 80 кг. 1/8 финал19:15 Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Алексей Алферов (Беларусь)

Ерлер. 57 кг. 1/8 финал23:30 Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Калеб Тирадо (Пуэрто-Рико)

Ерлер. 71 кг. 1/8 финал00:30 Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түркіменстан).

Естеріңізге сала кетейік, Бусто Арсизио турнирінде осы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынған.