UFC Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан 299-шы нөмірлі турнирде қазақстандық Асу Алмабаев (19-2) мен америкалық Си Джей Вергара (12-5-1) арасындағы жекпе-жекке төрешілердің жазбаларын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш төреші де 30-27, 30-27, 30-27 есептерін тіркеп жеңісті бірауыздан Асуға берді. Төрешілер жазбаларының фотосуреттерін төменде көруге болады.

Еске салайық, Асу Алмабаев үшін бұл UFC-дегі екінші жекпе-жек болды. Қазақстандық өткен жылдың тамыз айында ең ірі промоушенде дебют жасап, екінші раундта америкалық файтер Оди Осборнды (12-6) жеңді.