Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан UFC 299 турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев (18-2) америкалық Си Джей Вергарамен (12-4-1) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алмабаев пен Вергара үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақта жұдырықтасты. Бұл текетірестің нәтижесінде төрешілер жеңісті Асуға берді. Жекпе-жектің видеосын төменде көруге болады.

Асу Алмабаев үшін бұл жеңіс оның кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісі болды.