Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Наталья Богданова Италиядағы іріктеу турнирінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Богданова турнирдің екінші кезеңінде польшалық Анета Ригельскаға есе жіберді.

Төрешілер үш раундта да басымдықты польшалық боксшыға берді.

Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының үшінші мүшесі турнирді аяқтады.

Бұған дейін Жайна Шекербекова мен Римма Волосенко жеңіліп қалған еді.