Sportico тарихтағы ең көп жалақы алатын спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ең көп жалақы алатын 10 спортшының қатарына үш футболшы енді. «Әл-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси, сондай-ақ Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы (қазіргі уақытта «Интер Майами» иелерінің бірі) Дэвид Бекхэм.

Ең жоғары жалақы алатын топ-10 спортшы:

1. Майкл Джордан — 3 млрд 750 млн доллар (баскетбол).

2. Тайгер Вудс — 2 млрд 660 млн доллар (гольф).

3. Криштиану Роналду — 1 млрд 920 млн доллар (футбол).

4. Арнольд Палмер — 1 млрд 760 млн доллар (гольф).

5. Леброн Джеймс — 1 млрд 700 млн доллар (баскетбол).

6-7. Джек Никлаус — 1 млрд 670 млн доллар (гольф).

6-7. Лионель Месси — 1 млрд 670 млн доллар (футбол).

8. Дэвид Бекхэм — 1 млрд 500 млн доллар (футбол).

9. Роджер Федерер — 1 млрд 490 млн доллар (теннис).

10. Флойд Мэйвезер — 1 млрд 480 млн доллар (бокс).