Бүгін ел қоржыны тағы бір Париж-2024 Паралимпиада жолдамасымен толықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

Еркін R1 дисциплинасының жартылай финалында 7-орынға тұрақтап, финалға шықса, ақтық сында ол 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Ал, алтын медальды 249 ұпай жинаған кореялық Дж.Ли алса, үшінші орын 224.8 ұпай жинаған грекиялық спортшы С.Галогавросқа бұйырды.