Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгиямен кездеседі.

Бұл туралы Рremier Boxing Championship әлеуметтік желілерінде хабарлады. Жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) "ТИ-Мобайл Аренада" өтеді.

ESPN мәліметінше, PBC компаниясы Канело бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгиямен жұдырықтасса, 35 миллион сыйақы төлеуге дайын.