Түркияның Анталья қаласында белгілі палуандар Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде ұлттық құрама спортшылары тағы 2 жүлдеге қол жеткізді.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келі салмақта Тамерлан Шадукаев қола жүлдегер атанды.