Танымал қазақстандық ММА файтері, Naiza FC бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс (9-0) Prosports.kz сайтына Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

«Асудың қарсыласын білмеймін. Салмақ қуа алмағаны, менің ойымша, жекпе-жекке де әсер етеді. Бірақ, Асу төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді деп ойлаймын. Менің пікірім, төрешілердің шешімімен Асу, Инша Аллаһ өз жұмысын жасайды», – деді спортшы.

Алмабаев (18-2) 10 наурызда Майамидегі UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жекпе-жек өткізеді.