Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасы онда Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы қарсыласы Грекиямен ойынға қарсы кездесуге дайындалады.

Футболшылар Алматыдан БАӘ-нің Дубай қаласына жеткен. Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың басым бөлігі жиналды.

Енді Түркия мен Ресей чемпионатында ойнайтын Абат Айымбетов, Бақтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп және Александр Зуев қатарға кейін қосылады.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін оқу-жаттығу жиыны 19 наурызға дейін созылады. Жиын аясында 14 наурыз күні Түрікменстан құрамасымен жабық жолдастық ойын өтеді.