Футболшы Еркебұлан Сейдахмет әйелі Нұрсұлу Ізбасарова 8 Наурыз мерекесіне орай су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мына сыйлықты маған күйеуім сыйлады. Рақмет», - деп жазған Еркебұлан Сейдахметтің әйелі.

Видеоға қарағанда, көлік моделі - Mercedes-Benz A-Класс. Бағасы комплектациясына қарай 26 679 660 теңгеден басталады. Көпшілік оқырманы Ізбасарованы құттықтап, ізгі тілегін жазып жатыр.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет былтыр қарашада шаңырақ көтерген еді. Оның әйелі актриса Нұрсұлу Ізбасарова екені белгілі болған.

Еркебұлан Қайратұлы Сейдахмет 2000 жылы 4 ақпанда Таразда дүниеге келген, қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубының шабуылшысы.