Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық арулар соңғы ойында Таиландқа есе жіберді.

Су добы. Қыздар. 6-ойын

Қазақстан - Таиланд 11:15 (1:5, 4:1, 2:6, 4:3)

Голдар:

Яна Мартынова - 3Алина Озкая, Юлия Дружинина -2Анфиса Журавлева, Анеля Алтыбасарова, Дарина Сембек, Ангелина Лемачко – 1.

Аталған Сарықұрлық додасында су добынан қыздар арасында бас жүлдені 18 ұпайеншілеген Жапония құрамасы жеңіп алса, екінші орынға 15 ұпаймен Таиланд қыздары ие болды.

Ал үздік үштікті 12 ұпаймен қытайлық бұрымдылар жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен төрттіктен көрінді.