Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда өтетін OCTAGON 56 турнирінің медиа-күнінен видео жариялады, деп жазады Prosports.kz

10 наурызда Алматыда өтетін кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген орта салмақтағы қазақстандық «Дәрігер» Керім Даидов (9-0) титулға үміткер және «уақытша» белбеу иегері өзбекстандық Ислом Болтаевпен (4-2) кездесіп, өз белбеуін алғаш рет қорғайды.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы анықталады, белбеу үшін «уақытша» титул иегері өзбекстандық Достон Бозоров (9-1) пен қазақстандық Нұрбек Тәжібаев (6-2) күш сынасады.

Бұл ивентте жанкүйерлер ең қатты күтіп жүрген текетірес өтеді. Танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (6-3) өзбек спортшысы Одилхон Камоловпен (4-2) мега-реванш өткізеді. 2022 жылдың жазындағы сәтсіз жеңілісінен кейін Тоқтар 10 наурызда кек алуға ниетті.

Турнирдің тікелей трансляциясы 10 наурызда 17:00-де басталады, оны OCTAGON TV youtube-арнасынан көруге болады.

OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink