8 наурыз, жұма күні Формула-1 2024 жылғы маусымының екінші кезеңі Сауд Арабиясының Гран-приіне іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы «Ред Булл» командасының қазіргі чемпионы Макс Ферстаппен болды. «Феррари» шабандозы Шарль Леклер екінші орын алды. Үшінші болып тағы бір «Ред Булл» шабандозы Серхио Перес болды.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының Гран-при жарысы 9 наурызда өтеді.