Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі (WTA-1000) турнирдің 3-айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/32 финалдық кездесуде WTA рейтингінде 79-орында тұрған қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Александрованы 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

Путинцеваның келесі қарсыласы Хейли Баптист (АҚШ) - Мэдисон Киз (АҚШ) кездесуінің жеңімпазы болады.