Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлдар құрамасы жартылай финалда Жапонияға есе жіберді.

Енді 9 наурыз күні жігіттеріміз қола жүлде үшін ойында Қытай құрамасына қарсы сынға түседі. Ал финалда Жапония мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

Су добы. Ұлдар. 1/2 финал

Қазақстан - Жапония 10:20 (1:4, 2:4, 2:1, 5:11)

Голдар:

Егор Белоусов, Кирилл Пантелеев - 3

Нұрдәулет Сүлейман, Әл-Фараби Құбайдолла, Нұрасыл Сәтберген, Дәурен Әли – 1.