Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияда ITF сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финал матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попконың жұбы бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильва, олар бразилиялық-парагвайлық Энирке Бого — Эрнандо Хосе Иснарди дуэтімен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Дмитрий қазір АТР жұптық рейтингінде 805-орында келе жатыр.