«Тұран» бас бапкері Ринат Алюетаев Премьер-лиганың екінші турындағы «Қайратқа» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда өткен матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

«Бүгін өте ауыр ойын болды, себебі алаң сапасының нашар болуына байланысты деп білемін. Тең нәтижеге қанағаттанбаймыз. Алдағы 3 апталық демалысты дұрыс пайдалана отырып, жаңадан жасақталған құраммен өз алаңымызда кез келген қарсыласқа тіс көрсетуіміз қажет. Бүгінгі ойында біздің жігіттерге намыспен ойнап шыққандарына үлкен алғысымды білдіремін», - деді бас бапкер.