Михаил Кукушкин Луганодағы «Челенджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михаил Кукушкин турнирдің 1/8 финалында ұлыбританиялық Билли Харриспен кездесті.

Ол қарсыласын 2:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіп, үшінші рет қатарынан «Челленджердің» ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші енді жартылай финалға шығу үшін бельгиялық Зизу Бергспен кездеседі.