Анталияда күрестен дәстүрлі халықаралық «Яшар Догу» турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы күні әйелдер күресінен 50, 57, 65, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.

Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс, Эмма Тисина (57 келі) қола жүлде еншіледі.

Енді 53, 59, 62, 68, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өтеді.

Жарыста 25 елден 600-ден астам палуан бақ сынауда.