8 наурыз, жұма күні Бусто Арсизиодағы (Италия) лицензиялық Олимпиада турнирінде Қазақстанның төрт боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Наталья Богданова Астана уақытымен 16:30-да рингке бірінші болып шығады - 66 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда аргентиналық Лорена Соледад Балбуенамен жұдырықтасады.

Сағат 17:30-да Нұрбек Оралбай жекпе-жегін өткізеді. 1/16 финалда 80 келіге дейінгі салмақта оған Того боксшысы Прева Падабади қарсыласады.

19:30-да Алуа Балқыбекова 50 келі салмақта 1/16 финал кезеңінде чех спортшысы Клаудия Тотовамен кездеседі.

Сағат 20:30-да Махмұд Сабырханның жекпе-жегі басталады - 57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда тай Саравут Суктетпен жұдырықтасады.