«Барселонаның» бас бапкері Хави каталониялық клубтың президенті Жоан Лапортаның жұмысы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман бұл қызметке 2021 жылы наурыз айында тағайындалған болатын.

«Лапорта - «Барселона» тарихындағы ең үздік президент, оны тағы дәлелдеуі керек. Ол тәжірибелі, позитивті және көшбасшылық қасиеттерге ие. Егер «Барсаны» қазіргі жағдайдан алып шығуға қабілетті біреу болса, ол Лапорта», - деп келтіреді Хавидің сөзін Mundo Deportivo.

Барселона 27 турда 58 ұпай жинап, Ла Лига кестесінде 3-орында тұр. Хави шәкірттері екінші орындағы «Жиронадан» 1 ұпайға, ал «Реал Мадридтен» 8 ұпайға қалып тұр.