Америкалық «Интер Майами» футбол клубының ойыншысы Луис Суарес 11,5 миллион долларға үй сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Луис Суарес пен оның әйелі София Балби сатып алған үй Форт-Лодердейл (АҚШ) қаласындағы жеке ауданда орналасқан. Үй 1980 жылы салынған. Ғимараттың ауданы – 660 метр квадрат. Үйде 8 жатын бөлме және 8 жуынатын бөлме бар.

Үй ауданы 0,24 га болатын учаскеде орналасқан және жағалау сызығының 129,5 метрін алып жатыр Бұл үй Суарестің «Интер Майамидегі» командаласы Лионель Мессидің жекежайына жақын маңда тұр.

Аргентиналық футболшы жекежайын 2023 жылы 10,8 миллион долларға сатып алған еді. Суарес Мессимен бірге «Барселонада» 2014-2020 жылдары ойнады. Ол 2023 жылдың желтоқсанында «Интер Майамиге» көшті.

Transfermarkt порталы Суаресті 4 миллион еуроға бағалап отыр.