Бұрынғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полға (9-1, 6 КО) қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз келісімшарт жасастық», - деп жазды Майк Тайсон Instagram парақшасында.

Кездесу 20 шілдеде Арлингтон (Техас штаты) қаласында AT&T Stadium-дағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.

Жекпе-жекті Netflix стриминг сервисі көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 3 наурызда Джейк Пол Сан-Хуанда (Пуэрто-Рико) өткен бокс кешінде Райан Бурлендті (17-3) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.