OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтті. Алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңі анықталды.

Жалпы турнирде 32 клуб қатысады. Алдын-ала іріктеу кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы 6 топқа бөлініп, өзара 1 ойыннан өткізеді. Топтың 6 жеңімпазы көрші топта 1-орын алған командамен ( А-В, С-D, Е-F) 1 ойын арқылы жолдама иегерлерін анықтайды.

- 1-19 наурыз. Бірінші кезеңнің топтық раунды- 21-23 наурыз. Бірінші кезеңнің плей-офф ойындары

Барлық ойындар Шымкент қаласындағы БИІК стадионында өткізіледі.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 клубы және бірінші кезеңнің жеңімпаздары рейтингке байланысты қарсыластарын анықтайды. 1/8 және 1/4 финалдық кездесулерінің жеңімпаздары 1 ойында белгілі болады. Ал 1/2 финал үйде/қонақта өткізіледі.

Olimpbet QFL Қазақстан кубогы-2024 турнирінің толық күнтізбесі:

- 13-14 сәуір. 1/8 финал

- 8 мамыр. 1/4 финал

- 29 мамыр-19 маусым. 1/2 финал

- 29 қыркүйек. Финал