Ресейлік боксшы Магомед Курбанов Криштиану Роналдумен кездескені және футболшының рингке шығуы туралы сұраққа жауап бергенін айтты.

Магомед Курбанов пен Криштиану Роналду Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) жолықты. Олардың кездесуі Сауд Арабиясының ойын-сауық жөніндегі бас басқармасының төрағасы және министр Түркі әл-Шейхтің бастамасымен салынған жаңа спорт залға экскурсия аясында болған.

- Залды аралап жүріп жекпе-жек, салмақ қуу туралы сөйлестік. Ол маған алдағы жекпе-жекте сәттілік тіледі. Мен Роналдудан "күндердің күнінде рингке шығуың мүмкін бе?" деп сұрадым. Ол "жоқ, мен тек ойнаймын" деп жауап берді, – деді Магомед Курбанов.