Ақтөбелік «Еркін Күш» клубының жауынгері Саламат Исбулаевқа Alash Pride лигасында титулдық жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барлығы жақсы. Ұйымдағы келесі жекпе-жегім белбеу үшін болады деп уәде берді. Бірақ оның қашан болатыны әзірге белгісіз», - деді Исбулаев Legalbet.kz сайтына.

27 жастағы Исбулаев кәсіпқой ММА-дағы төрт жекпе-жектің төртеуінде жеңіске жетті, барлығы Alash Pride лигасында.

Исабулаев Кейінгі жекпе-жегінде, 2024 жылы 3 наурызда, бұрынғы Еуропа чемпионы және әуесқой ММА бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері 41 жастағы ресейлік Багаутдин Абасовты (23-11-1) бірінші раундтта нокаутқа түсірді. Турнир Алматы қаласында өткен болатын.