Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияның Ресифи қаласында ITF жекелей турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші жергілікті теннисші Пауло Андре Дос Сантосқа қарсы ойнап, екі сетте 6:3, 6:1 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Ойын бразилиялық турнирдің 1/16 финалдық кезеңінде өтті.