7 наурызда УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында екі матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде турнирдің ширек финалына шыққан тағы екі команда анықталды. Англиялық «Манчестер Сити» мен испаниялық «Реал Мадрид» 1/4 финалға жолдама алды.

«Манчестер Сити» екі матчтың қорытындысы бойынша Данияның «Копенгагенін» 3:1 есебімен ұтты, жалпы есеп - 6:2. Ал «Реал» германиялық «РБ Лейпцигімен» тең ойнады (1:1), бірақ қос ойынның қорытындысы бойынша мадридтік команда келесі кезеңге өтті - 2:1.

Айта кетейік, 6 наурызда Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан алғашқы екі команда анықталған - «Бавария» мен ПСЖ.