Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Индиан-Уэллстегі турнирдің бірінші айналымында германиялық Доминик Кепферді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 6:3, 1:6, 7:6 есебімен аяқталды.

Кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды.

Индиан-Уэллстегі турнир 6-17 наурыз аралығында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды. Турнирдің қазіргі жеңімпазы - Карлос Алькарас.