Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Ұлттық құрама еркін бағдарламада күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі атап өткендей, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) 340.1650 балл жинап, Сарықұрлық додасында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама:

Зиёдахон Тошхуджаева/Анна Ващенко (Өзбекстан) – 347.4859Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина (Қазақстан) – 340.1650 Вонг Винг Ка/Ву КуЛок (Гонконг) – 290.4529.

Кеше көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. 26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.