6 наурызда Санкт-Петербургте Дамир QAZAQ Исмағұлов К-1 ережесі бойынша Эдуард Вартанянмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наше дело 82» турнирінің тікелей трансляциясын SPORT+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ SPORTPLUS_QAZ YouTube арнасынан көруге болады.

Еске салайық, алғашында турнир 2 наурызда Мәскеуде өтуі керек еді, кейін ол 6 наурызға және Ресейдің мәдени астанасына ауыстырылды.

Еске салайық, Исмағұлов UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегін Арман Царукян мен Грант Доусоннан ұтылып, содан кейін америкалық промоушеннен кетті.