Қазақстандық боксшы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто Арсизио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық фин боксшысы Сэм Мороватиді ұтып, екінші раундта жекпе-жекті аяқтады. Төреші екінші нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның бокстан 2024 жылғы Олимпиадаға екі лицензиясы бар: оларды Қамшыбек Күнқабаев (92 келіден жоғары) мен Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алды.