Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге 26 ойыншы енді:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы - «Тобыл»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де - «Ақтөбе»), Нуралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де - «Ақтөбе»), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов (барлығы - «Астана»), Асхат Тағыберген, («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия), Александр Зуев («Арсенал» Тула, Ресей);

Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов («Астана»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия).