Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей бас жүлдені жеңіп алды.

Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама 1-орын – Қазақстан - Даяна Джаманчалова/София Ищенко - 233.5413 2-орын – Қытай - Жихуан Йе/Жиян Ку - 229.6568 3-орын – Өзбекстан - Жасмина Кодирова/Сабина Махмудова - 194.8469.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. 26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.