Алматыдағы OCTAGON 56 турнирінің жартылай жеңіл салмақтағы бастапқы кардтың жекпе-жектері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
10 наурызда өтетін жекпе-жек кеші аясында қырғызстандық Кутман Асеков (6-5) пен жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Бабур Маймақов (3-0) кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек кеші аясында қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаевқа (4-2) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын қорғайды.
OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Комментарии