UFC салмақ дәрежесі бойынша ұйымның жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзгерістер Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінен кейін болды.
Осылайша жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте үшінші орнын сақтап қалды. Рейтингтің көшбасшысы Камару Усман, одан кейін Белал Мухаммад тұр.
Бұл салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс.
Айта кетейік, ресейлік UFC файтері Умар Нурмагомедов промоушен рейтингіндегі орнын жақсартты.
3 наурызға қараған түні Лас-Вегаста UFC Fight Night 238 турнирі өтіп, Умар қазақстандық Бекзат Алмаханды төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Осы жеңістің арқасында Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC рейтингінде 3 сатыға көтеріліп, қазір 10-орында тұр.
Комментарии