Садақ атудан Қазақтан командасы Түркиядағы жаттығу базасынан елге оралды. Спортшылар 18 күн бойы дайындық кезеңін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаттығу жиынына классикалық садақ атудан 15 спортшы қатысты. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар да бар.

Қазіргі таңда садақ атудан Қазақстан командасы әлем кубогі кезеңідеріне дайындалуда. Әлем кубогінің бірінші кезеңі Қытайда, екінші кезеңі Оңтүстік Кореяда өтеді.

Одан бөлек, Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогіне қатысып, әйелдер арасында сарапқа салынатын Олимпиада жолдамасына таласып көреді.