УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жаңа форматын бекітті.

Келесі маусымнан бастап Чемпиондар лигасында 32 емес, 36 команда ойнайды.

Бұрын клубтар төрт командадан 8 топқа бөлінетін. Енді швейцариялық жүйе болады, яғни 36 команда бір турнир кестесінде бақ сынасады.

Бұл кезеңде әр команда 8 матч өткізеді: 4 матч өз алаңында, 4 матч қонақта.