Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы Эфиопия өкілі Ядес Летта болды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен Махмұд жеңіске жетті.

Бүгін Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) шаршы алаңға шығады. Ол Гаити боксшысы Седрик Беланимен кездеседі.